Ресейдегі ереуілге шыққан Навальныйдың жақтастары

Primary tabs

Jan 23, 2021 / 0 comments

Хабаровск пен Владивостокта ереуілшілерді жаппай ұстап жатыр. Сонымен бірге Магадан мен Оңтүстік Сахалинскте де митингтер өтуде. KaskelenKz тілшісінің жазуынша, арнайы жасақ сарбаздары адамдарды жаппай ұстап, қала көшелерін жауып жатыр. Ереуілшілер "Ресей азат болады", "Біз біріксек жеңілмейміз" деген ұрандар айтуда. Ал Мәскеудегі Пушкинская алаңы митинг басталуына бірнеше сағат қалғанда толық қоршалған. Сонымен бірге Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, әлемнің ондаған мемлекетінде болатыны хабарланды. Владивостоктағы ереуіл туралы Алексей Навальныйдың жергілікті штабы хабарлап отыр. Еске сала кетсек, Алексей Навальный Германиядан Ресейге оралды. Оппозиция өкілін бірден әуежайда қамауға алған болатын.