Түркіменстанда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр

Primary tabs

Mar 24, 2022 / 0 comments

Түркіменстанда жаңадан сайланған президентті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Сердар Бердімұхамедов инаугурацияда сөйлеген сөзінде Түркіменстанның саяси платформалары өзгеріссіз қалатынын атап өтті.

 

«Мемлекеттің бейтараптығының құқықтық мәртебесінен туындайтын негізгі қағидаттар, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, ізгі ниетке негізделген достық және бауырластық қарым-қатынастарды кеңейту, жер шарындағы тұрақты дамуды қамтамасыз ету тәуелсіз Түрікменстанның сыртқы саясатының басым бағыттары болып қала береді.», - деді Сердар Бердімұхамедов.