Түркіменстанда президент сайлауы басталды

Primary tabs

Mar 13, 2022 / 0 comments

Түркіменстанда президент сайлауы басталды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

12 наурыз күні таңертең Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды.

 

Түркіменстан президенттігіне үш партиядан тоғыз азамат қатысады. Елдің заңнамасына сәйкес кез келген азамат сайлауға қатыса алады. Яғни, белсенді сайланушылардың толықтай президенттікке құқығы бар деген сөз.