Тұрмыстық қалдықты жөнсіз төгуге рұқсат жоқ

Primary tabs

Jun 01, 2022 / 0 comments

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың «Қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың жолын кесу жөніндегі бірлескен бұйрықты әзірлеу және бекіту туралы» тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрліктері қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың жолын кесу жөніндегі бірлескен бұйрық бекітілген.

Осыған байланысты, бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасының 5-тармағына сәйкес, Алматы облысы бойынша экология департаментімен (бұдан әрі – Департамент) уәкілетті мемлекеттік органдармен, ішкі істер органдары және қоғам белсенділерінің келісуімен Алматы облысының аудандары мен қалалары аумағында қоқыс шығаратын ұйымдардың тізіліміне енбеген қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту, сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың жолын кесу жөніндегі іс-шараларға бағытталған «2022-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары», және «өзара әрекет ету алгоритмі» әзірленіп, бекітілді. «2022-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары» мен «өзара әрекет ету алгоритмін» орындау мақсатында Департамент ағымдағы жылдың 27 мамырында Алматы облысы ПД Талдықорған қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 337-бабының талаптарын бұза отырып, қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламай қызметті жүзеге асыратын 3 қоқыс шығаратын автокөлік құралы тоқтатылды. Алматы облысы ПД Талдықорған қаласының полиция басқармасынан АЕК материалдары келіп түскен жағдайда, Департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдайтын болады. Сонымен қатар, аталған бағытта жоғарыда аталған іс-шараларды орындау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Информация по результатам проведенных мероприятий по пресечению несанкционированного размещения отходов в Алматинской области