Украинада 10 миллион адам үйлерін тастап кетті

Primary tabs

Mar 24, 2022 / 0 comments

Украинада 10 миллион адам үйлерін тастап кетті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің айтуынша, соғыс басталғалы бері кемінде 10 миллион украиналық үйлерін тастап кеткен.

 

Ұйымның мәліметінше, Украина тұрғындары елден кетіп қана қоймай, Украинаның ішінде қоныс аударған. Гранди Ресей-Украина соғысын «жойқын» деп атады.