Шалқар ауылында үй өртке оранды

Primary tabs

Feb 08, 2022 / 0 comments

7 ақпан күні Шалқар ауылында бір отбасының үйі отқа оранды, деп хабарлайды Kaskelen.kz желілік басылымы. 

Осы күні сағат 22:06 Қаскелен қаласына қарасты № 9 өрт сөндіру бөліміне үй өртенуі туралы шұғыл хабар түсті. Өрт Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылы "Жаңақұрылыс" елді мекенінде орын алған. 

 

Өрт сөндірушілер сағат 22:18-де өрт шыққан жерге шұғыл жетіп, жалпы алаңы 143 шаршы метр, ал көлемі 13X15 м  болатын тұрғын үйдің өртенгенін анықтады. Өрт сөндірушілер 20 минут ішінде қызыл жалынды толығымен сөндірді. Бұл мақсатта жеке құрамнан 10 адам жұмылдырылды және 2 техника тартылды. 

 

Өрт салдарынан отбасы мүшелерінің денсаулығына зиян келді, ал материалдық шығын анықталуда. Өрттің шығуына көмір отынымен жылыту пешінің жанғыш конструкцияларынан отқа төзімді секциялардың болмауы себеп болды. 

 

Қарасай аудандық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті