Шамалған бекетіндегі құны 364 млн тұратын көпір желге қирады

Primary tabs

Jan 22, 2021 / 0 comments

Шамалған бекетіндегі құны 364 млн тұратын жаяу жүргіншілер көпірі желге қирады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Бүгін ауа райының күрт өзгеріп, қатты жел соғуының әсерінен Жібек жолы ауылдық округіндегі көпір шатырына зақым келген. Сол себепті, осы көпірдің құрылыс жұмыстарын жургізген "ДСУ-13" ЖШС-нің мамандары оқиға орнына келіп, қажетті шығындарын есептеп, өз қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.
Еске салсақ, бұл жаяу жүргіншілер көпірі 2020 жылдың қыркүйегінде қолданысқа берілген. Бір жыл салынған нысанның жалпы құны 364 млн теңге.