Шымкентте жуынатын бөлмеде жасөспірімның мәйіті табылды

Primary tabs

Oct 11, 2022 / 0 comments

Шымкент қаласындағы жеке меншік үйде оқушы қайтыс болды. Ата-анасы баласының мәйітін жуынатын бөлмеден тапқандығын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, 10 қазан күні сағат 06.30-да жедел медициналық көмектен жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен. Жуынатын бөлмеде оқушы бала қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Еңбекші ауданының Маятас елді мекенінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да сол жерге барды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жуынатын бөлмеде туыстары 2011 жылы туған жасөспірімнің мәйітін тапты. Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.