Шымкентте концерт өткізуге бөлінген 610 миллион теңгены жымқырғандар сотталды

Primary tabs

Oct 14, 2022 / 0 comments

Шымкентте мәдениет басқармасынан 610 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

Судьяның айтуынша, карантин кезінде концерт өткіздік деп есеп берген олар шын мәнінде ешқандай іс-шара ұйымдастырмаған. Бөлінген ақшаны қалтаға басып отырған. Бастапқыда бұл іске 6 адам күдікті деп танылған еді. Бүгін сот залынан үшеуі босатылды. Олар – басқармаға қарасты мәдениет үйінің директоры мен міндетін атқарушы және есепшісі. Соңғысы шартты түрде 7 жылға сотталды. Ал басқарма мен мәдениет үйінің бас есепшісі 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкер де 7 жыл жаза арқалады.

Бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев екі күн бұрын тіркелген фирмамен 60 миллион теңгеге келісімшарт жасасқанын, Сәкен Майғазиев тендер берген Исмагулова туралы, Майғазиевтің жұмыстан кеткен себебін жазған болатынбыз.