Қазақстандықтар қағаз ақшадан бас тартуда

Primary tabs

Oct 11, 2021 / 0 comments

Биыл сегіз ай ішінде қазақстандықтар төлем карточкалары арқылы 56,3 триллион теңгені құрайтын 4 миллиард транзакция жасаған, бұл 2020 жылғы сәйкес көрсеткіштерден тиісінше 2,2 және 2 есе жоғары.

«2021 жылдың қаңтар-тамызында қолма-қол ақшасыз операциялардың 67% -ы Интернет желісінде немесе мобильді қосымшалар арқылы жүзеге асырылды»,-деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.