Қазақстандық паралимпиадашылар аралас эстафетада сынға түседі

Primary tabs

Mar 14, 2022 / 0 comments

Қазақстандық спортшылар паралимпиаданың соңғы күнінде өнер көрсетеді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Бейжің 2022 жылғы паралимпиада ойындары ресми жабылу салтанаты алдында біздің спортшылар жарыста сынға түседі. Бүгін шаңғы жарысы, слалом және пара хоккейден финалдық эстафеталық жарыстар өтеді.

 

Қазақстандық паралимпиадашылар бүгін 4×2,5 аралас эстафетада сынға түседі. Ол Хэбэй провинциясындағы Чжанцзякоу шаңғы базасында өтеді. 

 

Ал, 2022 жылғы Бейжіңде өтіп жатқан XIII қысқы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты «Құс ұясы» ұлттық спорт стадионында өтеді.