Қазақстандық фильм Канн кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды

Primary tabs

Oct 18, 2022 / 0 comments

Қазақстандық режиссерлер Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбековтің "Анашым, мен тірімін!" әлеуметтік драмасы Cannes 7 th Art Awards 2022 байқауында Жібек жолы елдері номинациясында гран-приді жеңіп алды, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпараттық порталы фестивальдің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

 Бұл жеңіс туралы Азиз Заировтің өзі де Instagram парақшасында бөлісті.

"Қазақстандықтар, баршаңызды құттықтаймыз! Канн кинофестивалінде "Анашым, мен тірімін!" фильмі Жібек жолы елдері фильмдерінің Гран-приін жеңіп алды!", - деп жазды ол.

Фильм кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор әйел туралы әлеуметтік драма. Фильм сюжеті бойынша әйелдің қызы лейкемияға шалдығады, қанша тырысқанымен ол баласын аман алып қала алмайды. Кейіпкер қайғыға батады, ештеңе көмектеспейді, содан кейін ол өз қамқорлығындағы, қызымен дос болған балалар үйіндегі жетім жасөспірімді асырап алу туралы шешім қабылдайды.