Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жібереді

Primary tabs

Mar 14, 2022 / 0 comments

Қазақстан Украинаға 28,2 тонна гуманитарлық көмек жібереді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Дәрі-дәрмек түріндегі гуманитарлық көмекті Алматы-Катовице (Польша) бағыты бойынша ұшақтармен екі кезеңде жіберу жоспарлануда.

 

Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна және антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және гипертензияға қарсы препараттарды қоса алғанда, 17 түрлі дәрі-дәрмек болады деп болжануда.