Қарасай ауданында Қасым-Жомарт Тоқаевты​ ​ қолдау бойынша аудандық қоғамдық штаб құрылды

Primary tabs

May 04, 2019 / 0 comments

4 мамырда Қарасай ауданында Қасым-Жомарт Тоқаевты​ ​ қолдау бойынша  аудандық қоғамдық штаб құрылды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
23 сәуір күні өткен партияның кезектен тыс ХІХ съезінде «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынғаны белгілі.​ Съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 623 делегат қатысты. Съезд тарихи оқиғалы ауқымдылығымен, мемлекеттік жоғары деңгейде өтуімен ерекшеленді.​ Осыған байланысты, «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық​ ​ филиалының мәжіліс залында съез шешімімен ҚР президенттігіне ұсынылған кандидатты қолдау бойынша аудандық қоғамдық штабтың құрылғаны туралы жиын болып өтті.
Қарасай аудандық сайлауалды штабының жетекшілігіне партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат тағайындалды.  Штаб құрамында қоғам қайраткерлері, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалдың​ ​ саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері,​ ​ жеке кәсіпкерлер, Жастар ресурстық орталығының мамандары​ ​ және БАҚ өкілдері, барлығы 19 адам бар.​ ​
Штабтың негізгі міндеті – президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қолдау көрсету, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру бойынша жан-жақты насихат жұмыстарын жүргізу, сенімді өкілдері мен белсенділердің жұмысын үйлестіру.