Қаскелеңде мектептен қайтып келе жатқан оқушыға бөгде бір еркек тиіскен

Primary tabs

Nov 19, 2021 / 0 comments

16.11.2021 жылы сағат 13.00-де Қаскелең қаласы, Қарасай батыр көшесіндегі "Аптека" атанып кеткен аялдамада ер адам жасөспірім қызға тап берген.
Абай мектебінен сабақтан шыққан 6-сынып оқушысын тапа-тал түсте қылқындырмақ болған жауыздан куәгерлер арашалап қалған. Оқыс оқиғадан қатты шошып, жылай берген қыз баланы жұбатып, анасын жедел сол жерге шақырған. Ол кезде күдікті қашып үлгерген. Дегенмен көп ұзамай сол маңда қолға түсіп, полицияға тапсырылған. Анықталғаны ол Өзбекстан республикасының азаматы және ол өзінің "шегіп алғанын" мойындаған.

Осы күні жәбірленушілер біздің де редакциямызға келіп көмек сұрады. Біздің тарапымыздан әзірге тиісті құқықтық кеңестер берілді.
Ал, тапа-тал түсте біреудің қаршадай қызына тап беріп, психологиялық зақым әкелген бөтен елдің азаматының қандай жаза арқалағаны туралы ресми ақпаратты @police_almobl -тен күтеміз! Бұл жағдай @kaskelenkz тікелей бақылауында!