Қаскелеңде тұрғындарды терезеден қабылдаған қай мекеме?

Primary tabs

Jul 23, 2020 / 0 comments

Қарасай ауданында орналасқан мемлекеттік мекемелердің бірінде тұрғындарды осылай терезе арқылы қабылдаған. Kaskelenkz редакциясына бұл суретті сол жерде болған адамдар жіберген. Біз бұл суретті инстаграм-парақшамызға жариялап, пост шығардық. 

Артынша Қарасай ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы Бақдәулет Талипов осы жайтқа қатысты ресми комментарий берді: 

"5 шілдеден бастап қайта күшіне енген карантин режиміне байланысты, елімізде оның ішінде ауданымыздағы бірқатар мекемелер онлайн түрде жұмыс істеуге көшті. Оның ішінде АХАЖ бөлімі де бар. Кешегі @kaskelenkz парақшасында көрсетілген жағдайды ескере келе, осы мәселеге қатысты айтатыным, бұл мекеме қазір халықты онлайн режимде де және арақашықтықты сақтай отырып, яғни, мекеме терезесі арқылы қабылдауды да жүргізуде. Мекемеге бармай-ақ, азаматтар egov.kz порталы арқылы кез-келген құжаттарына өтініш жібере алады", делінген ресми жауапта.