Қоғамдық орындарда бетперде кию міндетті емес

Primary tabs

Mar 27, 2022 / 0 comments

Қазақстанда міндетті түрде бетперде киюден бас тартылды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Қоғамдық орындарда маска кию енді міндетті емес. Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

 

Қызметкерлер мен медициналық мекемелерге келушілер жабық жерде бетперде киюі керек. Адамдар жаппай жиналатын жерлерде маска киюге кеңес беріледі.

 

Сонымен қатар, кабинеттік білім беру жүйесі, яғни оффлайн оқыту жүйесі баяғы қалпына келеді.