Қоғамдық тасымалға қаскелеңдіктердің көңілі толмайды

Primary tabs

Jan 06, 2019 / 0 comments

Бүгінгі таңда қарасайлықтар Қаскелең көшелерінен жаңа нөмірлі маршруттарды байқап жүр. Бұл маршруттардың нөмірі ғана өзгерді ме, әлде бағыты да өгерді ме. Осы ған орай Kaskelen.kz тілшісі Қаскелең автобус паркіне арнайы барып, мән-жайды білген еді.

 «Қазіргі кезде Қарасай ауданы бойынша жолаушы тасымалымен айналысатын бізге қарасты 22 маршрут бар. Бәрі де халық игілігі үшін қызмет етеді.  Бүгінгі таңда бірнеше маршруттың нөмірі өзгергені рас, алайда олар бағытын өзгерткен жоқ», -деді автопарктың атқарушы директоры Асанбек Қадыркулов.  

Ал қарасайлықтардың қоғамдық көліктердің жұмысына көбіне көңілі толмайды екен. Тұрғындардың арасында жүргізген сауалнамамызға сүйенсек, миниавтобустар адамдарды лық толытырып алып, жол ережелерін де өрескел бұзады. Кейбірі, оқушылардан 50% жеңілдіксіз ақы алса, ал енді бірі оқушыларды тіпті көлікке отырғызбайтын көрінеді.

Дегенмен, қарсы тараптың да айтар жауабы бар.  Маршрут жүргізушілері адамдарды қинап көлікке отырғызбайтындарын, тіпті автобустардың тарлығынан көбіне жолаушылардың тұрып тұратынын айтып ақталды. Ал оқушылар мәселесіне келсек, ешбірі де артық жолақы алмайтындығын және оқушыларды қажет бағытында еш кедергісіз жеткізіп салатынын жеткізді.  

Бұдан басқа, автобус  тізгінін ұстағандар Қаскелеңдегі аялдамаларға тиісті орындар қарастырылмағандықтан, әсіресе төрт торап жолды біріктіретін Қаскелеңдегі автобекеттің Алматыға қарай кететін бағытында аялдама дәл дүкеннің алдына белгіленгендіктен, жұмысты қиындатады деп шағым айтуда.