Қоқыс алаңына айналған Қаскелең көшелері

Primary tabs

Feb 08, 2022 / 0 comments

Қаскелең қаласында қоқыс шығару кешеуілдеп жатыр деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

Атап айтқанда, Әбен Өмірәлі көшесі мен Бастау көшесінің қиылысы 4  күннен бері қоқыс алаңына айналған. 

 

Тұрғындардың айтуынша, қала қоқысына жауапты компания қоқысты дәл уақытында жинамайды. Сондай-ақ, орталық көшелерде қоқыс тастауға арналған контейнерлердің болмауы қала тазалығына кедергі туғызуда. 

 

Kaskelen.kz  сайтының инстаграм желісіне осы мәселе бойынша көптеп хаттар түсіп тұрады. Халық наразылығын туғызған осы мәселені әкімдіктің шешуге талпынбай отырғаны көңілді қынжылтады.