Қырғызстанда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандарың саны рекорд орнатты

Primary tabs

Jun 22, 2020 / 0 comments

Қырғызстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандарың саны рекорд орнатты, - деп хабарлайды "Хабар24".

 Дереккөз мәліметінше, Қырғызстанда соңғы тәулікте коронавирусты 205 адам жұқтырып алған. Бұл қырғыз елі үшін рекордтық көрсеткіш екен.

Вирусты жұқтырғандар арасында 26 дәрігер бар. Дертке шалдығу дерегінің 82-сі, Бішкекте тіркелген. Жалпы Қырғызстанда қазірге күнге дейін коронавирус жұқтырғандар саны 3 мың 356-ға жеткен. Олардың 2 мың 21-і емделіп шыққан. Дерттен 40 науқас қайтыс болған.