Үндістан Пәкістанға зымыран ұшырды

Primary tabs

Mar 12, 2022 / 0 comments

Үндістан Пәкістанға зымыран ұшырды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Үндістанның қорғаныс министрлігі зымыран техникалық ақауға байланысты кездейсоқ Пәкістанға қарай атылғанын хабарлады.

 

«2022 жылдың 9 наурызында жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде зымыраннан ақау шығып кездейсоқ ұшырылды. Үндістан үкіметі осы жайтты жіті назарға алып жоғары деңгейдегі тергеу трибуналын құруға бұйрық берді», - делінген Үндістан қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада. 

 

Үнді тарапы орын алған жағдайға байланысты Пәкістан үкіметінен кешірім сұрады. Еске салайық, соғысып жатқан екі елдің де ядролық қаруы бар.