Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған Надежда Дубовицкая Азия рекордын жаңартты

Primary tabs

Mar 23, 2022 / 0 comments

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Белградта өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған Надежда Дубовицкая Азия рекордын жаңартып, үшінші орын алды.

 

«Ұлттық жеңіл атлетика тарихында биіктікке секіруден бірінші рет жабық кешендегі әлем чемпионатында жүлделі орын алдық. Қазақстан соңғы он жылда алғаш рет жеңіс тұғырына қайта көтерілді! Надежда Дубовицкая Белградта өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 1,98 метрді бағындырып, үшінші орын алды», - делінген ҚР Жеңіл атлетика федерациясының хабарламасында.

 

Қазақстандық сегіз елдің спортшыларын басып озды, сонымен қатар жабық кешендегі Азия рекордын орнатты.