Өзбекстаннан Қазақстанға автобустар қайтадан жүре бастады

Primary tabs

Mar 16, 2022 / 0 comments

Өзбекстаннан Қазақстанға автобустар қайтадан жүре бастады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Елдер арасындағы автобус қатынасы пандемияға байланысты енгізілген екі жылдық үзілістен кейін қайта басталады.

 

«2022 жылдың 16 наурызынан бастап тасымалдаушылар Ташкент – Нұр-Сұлтан, Ташкент – Алматы, Ташкент – Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Ташкент – Іргелі, Шыршық – Шымкент, Шыршық – Алматы бағыттары бойынша рейстерді орындауды жоспарлап отыр», – деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Бұл туралы Өзбекстанда дүйсенбі күні жарияланды.