Home Avto Invest пирамидасын құрушы 9 жылға сотталды

Primary tabs

Mar 25, 2022 / 0 comments

Ақтөбедегі Home Avto Invest пирамидасын құрушы 9 жылға сотталды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Қаржылық пирамида құрбандарының тізімін тізіп шығу үшін судьяға бір сағат қажет болған.

 

Home Avto Invest қаржылық пирамидасы 2019 жылдың желтоқсанында пайда болды және бірнеше ай бойы жұмыс істеді. 2020 жылдың ақпан айына дейін ол 450-ге жуық азаматты алдап үлгерген. Жәбірленушілерге келтірілген шығын шамамен 2 миллиард 215 миллион теңгені құрады.

 

Ақтөбелік пирамиданы ұйымдастырушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, «Home Avto Invest» ЖШС Ақтау және Атырау бөлімшелерінің басшылары 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтеуге сотталды.

 

Жәбірленушілердің шығынын өтеу үшін олардан барлық мүлікі тәркіленді.