Өзін өзі дамытқысы келетіндерге арналған 9 ереже

Primary tabs

Feb 18, 2018 / 0 comments
Өзін өзі дамытқысы келетіндерге арналған 9 ереже: 1. Басыңызды қажетсіз қоқыстардан тазалаңыз. Жаман әдеттер, бос уақытты жұмсау, стресс, кез келген маңызы жоқ проблемалар. Олар туралы мүлдем ұмытыңыз. Жаңа жетістіктер үшін жарқын бас қажет. 2. Өзіңізді өзіңіз жетілдірумен айналысыңыз. Бизнес жайлы және сізге ұнайтын кітаптарді оқыңыз. Түрлі көрмелерге, елсіз, ойға келмейтін жерлерге барыңыз, саяхаттаңыз, спортың жаңа түрімен шұғылданыңыз, жан-жақты дамыңыз, бұл бизнеске үлкен көмек көрсетеді. 3. Көшбасшылық мінезді, логиканы, іскерлік IQ, адамдармен қарым-қатынас жасауды, бет-әлпет мимикасын, манипуляцияны, шешендік дағдыларыңызды дамытыңыз. 4. Рухани заттармен айналысыңыз. Медитация, йога, тіпті эзотерика болса болады. Кез-келген нәрсе, сіз айналаңыздағы адамдарды сезінуіңіз керек, сондықтан алдымен сіз өзіңізді сезінуіңіз керек, кәсіпкерлер өте рухани адамдар. 5. Бизнесмендер адамдарды жақсы таныйды. Халықты таңқалдыра алады. Олар кез-келген психологтан гөрі адам психологиясын жақсы біледі. Әрине, бұл барлық кәсіпкерлерге қатысты емес, көп нәрсеге қол жеткізген адамдар туралы айтып отыр. Осының бәрін жетілдіру үшін жылдар бойы жұмыс істеуі керек. Жұмыс істеңіз. 6. Ақшаны жақсы көріңіз. Ақшаға деген сүйіспеншілігіңіз жоғары болса, ақша сізді жақсы көретін болады. Кедейлердің өз ақшалары жоқ екенін айтады және әдетте бұл тақырыптан аулақ болуға тырысады, ал ауқатты адамдар ақша туралы айтуға тырысады, оларда ақша көп, және оны қалай көбейтуді біледі. 7. Арманда. Мақсаттыңызды елестетіңіз, және ең бастысы сіз сол армаға қалай қол жеткізетіңізді. Арманыңызға қол жеткендегі өзіңіздің сезімдеріңіздерді елестетіңіз. Бұл эмоциялар сізге үміт береді. 8. Қолыңыздан еш нәрсе шықпайды деп айтатын қолдарынан ештеме келмейтін адамдарды тыңдамаңыз. Олар жеңілгендер және жеңілген болып қалады. Тек өзіңіздің және сіздің тәлімгерлеріңізді тыңдаңыз. 9. Әрекет жаса. Тіпті ең кіші қадам - алға жылжу. Барлығы тәжірибе жинақтаумен келеді, бүгіннен бастап кішігірім әрекеттен жасай бастаңыз, болашақта өткеніңізге қарап таң қалатын боласыз. Есіңізден болсын прогрестің жетіспеушілігі, регресске әкеледі.