Логотипі бар жапсырмалар жасау

Primary tabs

Mar 16, 2018 / 0 comments
Бүгінгі күні логотипі бар жапсырмалар көптеген компаниялар үшін жарнамалық алаң болып табылады. Жапсырмалардың осыншама үлкен танымалдылығы қолжетімділік, форматтар мен түстердің үлкен таңдауы, пайдаланудың қарапайымдылығымен байланысты. Оларды дайындау құны өте жоғары емес, ал мұндай жарнама түрінде қайтару барлық үміттерден асып түседі. Сондықтан осы саладағы бизнесті сауатты жүргізе білсе кәсіпкерге маусымға қарамастан жоғары табыс әкеледі. Клиенттерге қандай өнімді ұсыну керек? Шын мәнісінде, әрбір жапсырма мақсаты аудиторияға бір немесе бірнеше ақпаратты жеткізуге арналған, жарнамалық өнім болып табылады. Бірақ клиенттерді тарту үшін оларға кейбір басқа да өнімдерді ұсына аламыз. Бұл өнімдер: 1. Жарнамалық жапсырмалар. Олар логотипі бар және жоқ болуы мүмкін. Осындай жапсырмалар тауарларға, қоғамдық көліктерге, кеңселерге, дүкендерге жабыстырылады. 2. Сувенирлік жапсырмалар. Тоңазытқыштағы шағын жапсырмалар, имидж жапсырмалар (мысалы, машинаға) біздің өмірімізді біршама көңілді және қызықрақ ету үшін жасалған. 3. Кепілдік жапсырмалар. Өнімдерді рұқсатсыз ашудан қорғау үшін пайдаланылады. Өз клиенттеріңізге кең ауқымды қызметтер ұсынып, компания логотипі бар жапсырмаларды жасасасңыз, бұл іс сізге үнемі жоғары табыс әкеліп отырады. Тұрақты бизнесті қалай құруға болады? Бизнес-жоспарды жасаған кезде келесі мәселелерді ойластыру маңызды: Салық органдарымен проблемаларыңыз болмау үшін, сіздің болашақтағы қызметіңіздің құжаттарын уақытында құжаттау керек. ИП ретінде тіркелу болашақта сіздің елеулі клиенттермен жұмыс жасауыңызды жеңілдетеді. Осы шараларға кемінде ....... теңге шығын кетеді. Потенциалды клиенттер арасында сенімділікке қол жеткізу үшін бөлек офисті жалға алған дұрыс болады. Офисиңіз болмаған жағдайда үйіңізде қабылдасаңыз, тұтынушыларыңыз бұл ісіңізге күмәнмен қарайды. Бастапқыда 20-25 м2 шағын бөлме жетеді. Жалға алу бағасы офистің орналасқан жеріне байланысты болады. Үлкен логотипі бар жапсырмаларды жасау үшін, белгілі бір жабдықтар жиынтығының болуы тиіс. Бұған мыналар жатады: компьютер, арнайы принтер. Егер стандартты емес өнімдерді тұтынушыларға ұсынсаңыз, қағазды оюлап кесуге арналған қосымша құрал қажет болады. Жабдық үшін кем дегенде 800 000 теңге жұмсайсыз. Бастапқыда сіз арнайы принтерсіз жұмыс жасай аласыз. Келіп түскен тапсырыстарды үшінші тарап ұйымдарына тапсырыс бере аласыз. Бірақ шығындарды азайту үшін өзіңіздің құрылғыларыңызды алу дұрыс болады. Сапалы шикізатты алу туралы, сенімді жеткізушілермен келісе аласыз. Әрине, сізге қарапайым қағаз қажет болмайды, сізге арнайы жапсырмалы қағаздар қажет болады. Егер Сіз, Corel Draw арнайы бағдарламасымен жұмыс істеуде белгілі бір деңгейде білсеңіз өте жақсы болар еді. Инвестициялар болмаған жағдайда, сізге макеттерді әзірлеу үшін білікті қызметкерлерді жалдаудың қажеті болмайды. Шын мәнінде, тапсырысты орындау үшін, клиенттің тілектеріне сәйкес макетті жасау және оны қағазға басып шығару қажет. Бұл бизнес қандай пайда әкелуі мүмкін? Кәсіпорыннан алынған соңғы пайда, логотиптер жасаудың бағасын анықтайды. Өнімнің минималды құны 50 * 90 мм (100 дана айналым) мөлшерінде - 6000 теңге. Бұл макеттің жасалуын және клиентке жапсырмаларды жеткізуді ескермей отыр. Ай сайын 1000 данадан тұратын, 10 тапсырыс беруші болған жағдайда, айына 600 мың теңге табыс аласыз. Сонымен қатар, шағын клиенттерден 100-150 мың теңге мөлшеріндегі табыс болады. Мәселен, таза пайда, шығыстарды есептемегенде, айына шамамен 600 мың теңге болады. Түгел жабдықтарды сатып алу және бизнесіңізді тіркеу қызметі шамамен 900 мың теңге жетуі мүмкін, алайда бастапқы инвестициялар 2 айдан кейін қайтарылады. Қорытынды. Қорытынды жасай отыра, сіздің барынша көп ақша табуыңыз, сіздің үлкен клиенттік база жинауыңызға байланыста болады. Ал бұл үшін сіз жақсы жарнама науқанын ойластыруыңыз керек. Клиенттерді барлық қолжетімді жолдармен қамту - газеттерде, журналдарда және интернеттегі жарнама, өз веб-сайтыңызды жасау арқылы жинаңыз. Егер сіз бұл мәселені сауатты түрде шешсеңіз, пайда сізді күттіре қоймайды. Іске сәт!