Region News

«Өзгерісті өзіңнен баста!»

Nov 10, 2018 / 0 comments

Бүгін осындай ұранмен қарасайлық мемлекеттік қызметкерлер қолдарындағы қағаз-қаламдарын күрек пен кетпенге айырбастап ағаш егуге кірісті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген акция барысында Райымбек округінде орналасқан «Батыр бабаларға тағзым» және «Анаға құрмет» музейлерінің маңына шырша, қайың көшеттері отырғызылды.

ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Nov 09, 2018 / 0 comments

Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Өкінішке орай, қазіргі уақытта қоғам- ның қарыштап дамуына қарамастан әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тыйылар емес. Оған айғақ отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы әйелдерге сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту және жеке тұрғын үй немесе пә- тер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге қатысты істер санының азаймауы.

Шебер ұстаздар сайысы

Nov 09, 2018 / 0 comments

«Салт дәстүрім санамда, жаһандану заманда». Бүгін осындай тақырыппен Шалқар ауылындағы орта мектеп базасында, аудандық көркем еңбек пәні мұғалімдері жасаған қолөнер бұйымдарының байқауы өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімі ұйымдастырған шараға 50 мектептен 72 ұстаз қатысты.

Зейнетақыны оңай рәсімдейсіз

Nov 08, 2018 / 0 comments

Енді зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Бұдан былай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер «бір өтініш» принципі бойынша  көрсетілетін болады.

Орталық көшелерге шырша отырғызды

Nov 08, 2018 / 0 comments

Негізі аудан орталығын абаттандыру мақсатында жыл сайын бірқатар жұмыстар қолға алынады. Соның бірі – орталық көшелердің бойына ағаштар отырғызу. Дегенмен, егілген көшеттерге тиісті деңгейде қамқорлық көрсетілмей, олардың жарамсыз болып қалып жататынын көзіміз көріп жүр. Яғни, бұл аталған бағытта бөлінген қаражаттың желге ұшқанын айғақтап тұрған жоқ па?

Ертеңі жарқын жұлдыздар

Nov 07, 2018 / 0 comments

Қалбибі Абдуллаеваның алдынан дәріс алған шәкірттері бүгінде республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарды еншілеуде. Қазір студияда елуге жуық бала сабақтан тыс уақытта келіп, әншіліктің қыр-сырына қанығуда. Бұдан бөлек, домбыра, қобыз, фортепиано, шертер кластарында да жоғары білімді ұстаздар дәріс береді. Білім алғандар арнайы сертификаттарға ие болады.

Сақтандыру полисін көрсетудің қажеті жоқ

Nov 05, 2018 / 0 comments

Қазақстанда 2019 жылдан бастап онлайн-сақтандыру енгізіледі.  Ұлттық банктің хабарлауынша, сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру келісімшартын электронды түрде жасай және сақтандыру полисін рәсімдей алады. Жүргізушінің сақтандыру келісімшартын жасаған, жасамағанын бірыңғай база арқылы тексеруге болады.

Тегін психологиялық көмек көрсетеді

Nov 03, 2018 / 1 comments

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін «Шанс» орталығы жұмыс істеуде.

Қызғаныш - балалық шақтың «жемісі»

Nov 03, 2018 / 0 comments

Бала бойындағы ең "көрінбейтін" қасиеттердің бірі- қызғаншақтық. Анасының махаббатынан бастап, ойыншығы, киімі, тамағына дейін қызғана беруі оның болашақтағы жеке бас қасиеттерінің қалыптасуына алып келеді. Алайда сол қасиеттердің қалыптасуына немесе тосқауыл қоймауына өзіміз де кінәліміз.

Қаскелеңді «алақандағыдай» етіп көрсетеді...

Nov 03, 2018 / 0 comments

Бүгінгі таңда ауданымызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Аламос» компаниясы зор үлес қосуда. Жуырда компания басшысы Куаныш Шаханов Алтын ауыл орта мектебінде қаскелеңдіктерге «Любимый город» мобильді қосымшасын таныстырды.

Pages