Region News

Қаскелеңдегі отырыс - дәмді асхана

May 04, 2018 / 0 comments

Достарыңызбен әңгіме-дүкен құрып, жақсы тамақтанатын жер іздесеңіз, "Үміт" дәмханасына жол тартыңыз.

Дәмхананың бір апталық мәзірінің әр күні әлем асханаларына арналған. Аптаның дүйсенбісі Түрік халқының ұлттық тағамдары ұсынылса, сейсенбісінде орыс халқының тағамдарынан дәм тата аласыз.

Сәрсенбі күні грузин ұлтының тағамдары дайындалса, бейсенбі күні корей ұлтының тағамдары мен балық таба аласыз. Ал жұма күнгі ас мәзірі казақ ұлттық тағамдарына арнала отырып, ыстық бауырсақтар дайындалады.

Халқының тарихын күймен кескіндеген тұлға

May 01, 2018 / 0 comments

Құрманғазы қазақтың маңдайына біткен дара күйші, композитор. Ол 1818 жылы қазіргі Атырау облысының Жиделі ауылында дүниеге келген. 1889 жылы топырақ бұйырған орны қазіргі «Құрманғазы төбесі». Күйшінің оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі күрделі еді. Оның күйлері қазақ халқының қайғысымен де қуанышымен де ұштаса білген.

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында

May 01, 2018 / 0 comments

Үшқоңыр ауылының іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды.

Оның негізінде Шамалғанда және округке қарасты Айқым, Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. 

ТОП 5 мест в Каскелене для посиделок

Apr 30, 2018 / 0 comments

Всем привет. Меня зовут Эльнура и я начиная с этого видео, снимать только интересный , необходимый , познавательный где-то смешной  контент. Так как я одушевлённая патриотизмом хочу ознакомить вас, с привлекающими внимания народа уголками города Каскелен. Так что следите за новостями.

Уважаемые карасайцы! ПРАВИЛЬНО ЛИ ВЫ ПЛАТИТЕ НАЛОГИ?

Apr 27, 2018 / 0 comments

ПРАВИЛЬНО ЛИ ВЫ ПЛАТИТЕ НАЛОГИ?
Это важно для развития вашего региона!
Знайте, что:
101202 – индивидуальный подоходный налог;
104102 – налог на имущество физических лиц;
104302 – земельный налог с физических лиц;
104401 – налог на транспорт с юридических лиц;
104402 – налог на транспорт с физических лиц;
105430 – плата за размещение наружной рекламы
нужно оплачивать по городу Каскелену и сельским округам.

Регион Наименование с/о БИН (бизнес-идентификационный номер)
090502 Жамбылский сельский округ 130640018723

"Қаскелең" сөзі қандай мағына береді?

Apr 27, 2018 / 0 comments

Қаскелең сөзі - "Қашқа" және "йелең" деген сөздерден шыққан. Қашқа - сөзі көне түркі тілінде "тасқын, тасыған су, ағысынан бөлінген" деген мағынада айтылған.

Өзбектерде "Қашқадария" "Қашқашу" (Қасқасу) деген атаулардан тұратын мекендер бар. "Қаскелең" сөзінің мағынасы осы атауларға жақын келеді. Ал "Йелең" сөзі (қазақ тілінде қазір "желең", "желек") - өскін, балауса сынды мағынаны береді.

түбірі йел (жел) болуы да мүмкін. Этимологиялық сөздіктерде "Қаскелең" сөзі - соған орай "Тасыған судың лебі (өскіні)" деген мағына береді" деп айтылады.

Рухани мұраға мол тағзым

Apr 25, 2018 / 0 comments

Әр жылдың 18 сәуірі — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні болып жарияланған. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Ұлттық тарих пен мәдениетіміздің құнды жәдігері болып саналатын ескерткіштер елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралай отырып, келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде де ерекше маңызға ие.

AZ Group Білім беру академиясы

Apr 23, 2018 / 0 comments

Жуырда Қаскелең қаласы, "Ляля" сауда үйінің екінші қабатында AZ Group Білім беру академиясы өз жұмыстарын бастады. Бұл орталықта оқыталытын бағдарламалар мен курстар жайлы ақпараттармен төмендегі видеоны тамашалай отырып, таныса аласыз.

 Бейнероликте:

Қарасай аудандық ауруханасы

Apr 22, 2018 / 0 comments

ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК – көпсалалы емдеу-профилактикалық және кеңес беру-диагностикалық ұйымы, бұл аурухана Қарасай ауданының 282 953 тұрғындары мен   қонақтарына алғашқы медико-санитарлық, стационарда шұғыл және жоспарлы көмек көрсету үшін құрылған.

Орталық аурухана 1974 жылы салынып,ашылған Қаскелең қаласы Жанғозин көшесі 14-те орналасқан. Стационардың жалпы көлемі 4800кв.метр. 2014 жылы 16-желтоқсанда жалпы көлемі 10000 шаршы метр болатындай перзентхана бөлімінің құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Кітап білім бұлағы

Apr 22, 2018 / 0 comments

Қаскелең станицасында 1928 жылы шілде айында мәдени ағарту ошағының есігі ашылды. 1961 жылы кітапхана жасақталып, оқу залы ұйымдастырылды. Қаскелең ауылы 1963 жылы қала болып жарияланған соң, аудандық кітапхананың жұмысы да жақсарды. Кітапхананы Алматы көшесіндегі бұрынғы әскери комитетінің үйіне ауыстырды.

Pages