Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті

Primary tabs

Apr 21, 2020 / 0 comments

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны бүгін тағы 3 адамға артты, деп хабарлайды Kaskelenkz  облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. 

Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары – 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан жағынды алу мен COVID-19 инфекциясына алынған анализдерінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. 

Сырқаттардың жалпы саны 232 адаммен, соның ішінде 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және сыртта қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Жалпы, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті.