4 баласы бар аналар айына 42500 теңге алады

Primary tabs

Oct 07, 2019 / 0 comments

Көпбалалы отбасыларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Атамекен Қазақстан Бизнес арнасына сілтеме жасай отырып.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдан бастап берілетін атаулы әлеуметтік көмекке енетін жаңа өзгерістер туралы айтты.
Оған сәйкес, көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы кепілді түрде төленеді.
Яғни, көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы отбасындағы балалар санына қарай беріледі – 42 500 теңгеден 73 370 теңгеге дейін:

- 42 500 теңге – 4 баласы бар отбасыға,
- 53 125 теңге – 5 баласы бар отбасыға,
- 63 750 теңге – 6 баласы бар отбасыға,
- 73 370 теңге – 7 баласы бар отбасыға.
Ал атаулы әлеуметтік көмек отбасыға бөлек есептелетін болады. АӘК қайтадан тоқсанына бір рет, яғни келесі 3 айға беріле бастайды. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады.