Ана мен бала денсаулығы аса маңызды

Primary tabs

Jul 01, 2019 / 0 comments
Қарасай аудандық орталық ауруханасының жастардың денсаулық орталығының мамандары "Отбасын жоспарлау" тақырыбы аясында болашақ аналармен денсаулық сабағын өткізді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
 
Жалпы, аудандық перзентхана бөліміндегі аналар мектебінде осындай денсаулық сабақтары  жүйелі  түрде өткізілуде. Себебі,  ана мен бала денсаулығы қатаң бақылуға алынған және аналардың денсаулығына жауапкершілігін ояту ерекше назарға алынған мәселе болып тұрғанын айтады мамандар.

Сабақтың  барысында жүкті әйелдерге репродуктивті денсаулық, психологиялық денсаулық, ана сүтінің артықшылықтары, отбасындағы қарым-қатынас туралы пайдалы ақпарат берілді. Дәрігер Дана Таждинова  сұрақ -жауап тәсілімен репродуктивті денсаулықты сақтау, жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, түсікті болдырмау, жыныс жолымен жұғатын инфекциялардың алдын алу, адам иммундық тапшылық вирусы ,оның  жұғу жолдары  туралы әңгімелеп берді. Ал, психолог Сауле Султангалиева мен Ұлбике Зуфтарова  ситуациялық жағдайлар ұсынып, психологиялық  тесттер қолдану  арқылы қатысушылардың медициналық білімін  арттыруға тырысты. Қатысушылардың ой түбінде жүрген  жүктілікті кезіндегі  болашақ ананың ағзасындағы  физиологиялық және психологиялық өзгерістер жайлы сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес сауалнама жүргізілді.