Ауданның 90 жылдығына дайындық жүріп жатыр

Primary tabs

Jan 21, 2019 / 0 comments

Биыл Қарасай ауданына 90 жыл толады. Осыған орай аудан әкімдігі  «90 жылдыққа – 90 шара» атты іс-шаралар жоспарын бекітті.

Жоспар аясында таяуда «Ауылым – киелі құт мекенім» атты форум өткізілген. Оған аудан әкімі бастаған атқамінер азаматтармен қатар, «Парасат» ордені мен халықаралық «Алтын қыран» медалінің иегері, Қарасай ауданының Құрметті азаматы, белгілі меценат Болат Назарбаев та қатысып, атаулы мерейтойды лайықты деңгейде өткізу жөнінде, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салған.