Ауруханадағы "Мектепке жол"

Primary tabs

Aug 28, 2019 / 0 comments

Қарасай аудандық орталық ауруханасының әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары "Үміт үйі"қайырымдылық қорымен бірлесіп көп балалы отбасындағы балалар үшін "Мектепке жол"акциясын өткізді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Акция аясында көп балалы 40 отбасындағы 40 балаға мектепке арналған сабаққа құрал жабдықтармен толтырылған сумка тарту етілді. Ата-аналар аурухана ұжымына алғыс білдірді. Өз кезегінде "Үміт үйі"қайырымдылық қоры аурухана ұжымымен бірлесіп алдағы уақытта ізгі шараларды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

мектеп2.jpg