Шамалғанда балаларға тәтті таратып жүрген күдіктілер ұсталды

Primary tabs

Jan 15, 2020 / 0 comments

Шамалған ауылында балаларды сөзге тартып жүрген күдікті кәріс азаматтары ұсталды, деп хабарлайды, Kaskelenkz тілшісі.

Балаларын жетектеп алып, мектептер мен балабақшалар маңын торуылдап жүрген видео лезде ватсап шелісінде кең тарады. Өкінішке орай, бұл фейк емес. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Шамалған ауылындағы қазақ орта мектебіне келген кәріс азаматшалары балаларға білезік пен кәмпит таратып, "Құдай жоқ. Біз құдайдан үмітімізді үзгенбіз!" деп айтқызып, қайталатқан.
Абырой болғанда мектеп мұғалімдері күдікті адамдарды ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырған.
Дегенмен, сақтық шараларын қатаң қадағалап, балаларға бейтаныс адамдардың қолынан ешқандай зат алмау, сөйлеспеу керектігін ескерткен жөн.