Дау-дамайсыз: Қаршадай қызының ауруын емдетуге квотаға зар болған
Primary tabs
Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзыанағаш ауылында тұратын Іңкәр Марат есімді 5 жасар қыздың бір басында атан түйеге жүк болар ауру бар. Туа біткен орталық жүйке жүйесі зақымданған, миына су жиылған. Ата-анасы жылдар бойы квотаға зар болып, баласын емдету жайына көмек сұрап редакцияға шағымданды. Журналист Гүлмира Әбіқай кішкентай Іңкәр қыздың өміріне араша түсті.