Жамбыл ауылында дезинфекция жүргізілді
Primary tabs
Қазіргі таңда Қарасай ауданы көлемінде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында жекелеген ауылдардың барлығында 1 сәуірден бастап дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Сондай шаралардың бірі Жамбыл ауылдық округінде де қолға алынды.
Округ орталығы - Жамбыл ауылындағы халық көп шоғырланатын нысандар мен көшелерге, сонымен қатар Қошмамбет, Ұлан, Батан елді мекендерінде де залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, осы күнге дейін Алматы облысы бойынша коронавирус жұқтырғандар саны - 9 адам, олардың 4-і Қарасай ауданынан. Атап өтсек, 2 науқас "Асыл арман" тұрғын үй кешенінен, 1 адам Кемертоған ауылынан және 1 адам Қырғауылды ауылынан анықталған болатын.
Бүгінгі таңда "Асыл арман" тұрғын үй кешені толықтай карантинге алынған.