Жасөспірімдер арасындағы қатыгездікті болдырмау үшін

Primary tabs

Mar 06, 2019 / 0 comments

Соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы оқушылардың ортасындағы әлімжеттікке куә болып, жағамызды ұстап жүрміз. Оған әрине балаланың араласатын достары, отбасындағы мейірім мен тәрбиенің жетіспеуі, сондай-ақ, ғаламтордың кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Осы орайда, аудан мектептерінде мұндай жағымсыз жайттардың алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынуда. Мысалы, Әйтей ауылындағы Қосынов орта мектебінде  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қатігездік, зорлық-зомбылық, әлімжеттік оқиғаларының алдын алу мақсатында және оқушыларды  интернет желісіндегі келеңсіз сайттардың әсерінен қорғау мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленген.

Ай сайын мектеп психологы Н. Скакова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Умбетаева сайтқа кіруші оқушыларға рейд жүргізіп, сайттарға кірген немесе кірмеген оқушылардың әрекеттерін бақылауға алып, маниторинг жасап отырды.

           Осы орайда жасөспірімдерді сабақтан тыс кезде бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін көптеген үйірмелерге, спорттық жарыстарға, аула спорттарына қатысуға қызықтыру жұмыстары жүргізілген. Балаларға өмірдің қиын жағдайына  тап болған жағдайда шұғыл бағыт телефондарына хабарласу, қоңырау шалу (білім басқармасы 8/7282/ 32-96-91, 111, 150)  қажеттігі туралы ақпарат берілген.

Ал, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, қылмыс, өзіне-өзі қол  жұмсаудың алдын алу мақсатында аудандық жасөспірімдерді қорғау бөлімінің полиция капитаны Руслан Бердіғалиевпен бірге 6-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілген. Р.Бердіғалиев  қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың өршіп бара жатқандығының салдары мен себептерін атап айтып, оқушыларға серпін жасады.

Қауіпті жағдайға бармас бұрын өз ойын жинақтап, әрбір іс-әрекетіне өзі жауап беру керектігін атап айтты. Егерде, зорлық-зомбылық пен қатігездікке тап болған жағдайда дереу сенім телефондарына қоңырау шалу керектігін, және кез-келген жағдайда көмек көрсетілетіндігін атап айтты.

 Сондай-ақ, мектеп ұжымы мен оқушылар арасында «Қауіпті интернет», «Мен OFFLINE» секілді республикалық акциялар жүргізілуде.