Жыл басынан бері 2000 сәби өмірге келген
Primary tabs
Қарасай ауданының орталық ауруханасында, жылдың басынан бастап, 2000-нан астам сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Бұл туралы аудандық аурухананың әлеуметтік парашасында жарияланды.
Еске сала кетсек, 2013 жылы облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жаңа заманауи перзентхана ғимараты салынды. Ол перзентханада 75 төсек орны бөлінген, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесіне 20 төсек, және гинекология бөлімшесіне 20 төсек орны бөлінген. "Қарасай аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ МКК директоры Ербол Сәрсенбаевтың айтуынша, өткен жылы перзентхана бөлімшесі перинаталдық көмек көрсету бойынша өңірлендірудің үшінші деңгейіне ауыстырылды.
Ербол Сарсенбаев: "Өкінішке орай, 2019 жылдың бірінші үш айында, реанимация бөлімінде 6 әйел қиын жағдайда болған. Бұл қан кету, гипертензиялық жағдай, экстрагениталдық патология. Бірақ, барлық әйелдер үйлеріне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Егер жүктілік ертерек жоспарланған болса, бұл қиындықтарға ұшырамауға болады"
Осылай деген ауданның бас дәрігері жүктілікті жоспарлаған жөн екенін, 12 аптаға дейін жүктілердің тізіміне тұрған абзал болатындығын еске салды.