Мектепте өткен мереке

Primary tabs

Mar 23, 2019 / 0 comments

Әз-Наурыз жылдағыдай, биыл да аудан көлемінде кең көлемде атап өтілді. Әсіресе, барлық білім ордаларына салт-дәстүрімізді жаңғыртып, өскелең ұрпаққа тәрбие болатын мәдени шаралар көптеп ұйымдастырылды.

Соның бірі ретінде М.Мәметова атындағы орта мектепте өткен салтанатты ерекше атап өтуге болады.  

Бұл күні мектеп алды ерекше күйге еніп,  жиналғандар ерекше мерекенің лебін сезді.

Білім ордасының директоры Ғалия Тахирқызы көпшілікті Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Мұнан кейін алма кезек ортадан орын алған ұстаздар мен өнерлі оқушылар ұлттық салт дәстүрімізден көріністер көрсетті.

Әіресе, жиналғандар бесікке салу, қыз ұзату, тұсау кесу рәсімдерінің куәсі болып, молшылық пен тоқшылықтың белгісі саналатын наурыз көжеден дәм татты. Әсіресе, кішкентай балдырғандардың айтысы халықты күлкіге қарық қылды. Сонымен қатар, ауыл азаматтары ұлттық спорт ойындарына қатысып, бақ сынасты. 

 

Ал, жиналғандар бесікке салу, қыз ұзату, тұсау кесу рәсімдерінің куәсі болып, молшылық пен тоқшылықтың белгісі саналатын наурыз көжеден дәм татты.

 

Кішкентай өнерпаздардың орындауындағы әуезді әндер мен әсем билер де жұртшылықты тәнті етіп, мерейін өсірді. Сондай-ақ, әжелер ансамблінің шығармашылығын тамашалаған ауыл тұрғындары ақ жаулықты аналардың белсенділігіне ризашылықтарын білдірді.

 Бұдан бөлек, мереке аясында жетім, жағдайы нашар,көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға арналып дастархан жайылып, көже таратылды.