Павлодарда лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

Primary tabs

Mar 10, 2021 / 0 comments

Павлодар облысында жолдарды күтіп-баптауға жауапты 48 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды.

– Жолдардың жай-күйін тексеру кезінде Павлодар облысының полицейлері ауылдық округтердің бірінің жолдарында жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары толық көлемде жүргізілмегенін анықтады, бұл автомобильдердің өтуіне айтарлықтай кедергі болды. Осыған ұқсас құқық бұзушылықтар облыстың басқа аудандарында да анықталды. Аталған елді мекендердің әкімдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Мақашев.

Бауыржан Мақашев 2021 жылдың өткен кезеңінде 9655 шақырымды қамтитын жалпы қолданыстағы автожолдарға 351 тексеру жүргізілгенін, оның барысында 450 ақау анықталғанын атап өтті. Олар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға  351 ұйғарым шығарылған. Нәтижесінде жолдарды күтіп ұстау ережелерін бұзған 48 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 1 млн 400 мың теңге сомасында айыппұл  салынған.

– Сондай-ақ, 32 теміржол өткелі тексерілді. Теміржол өткелдерін күтіп ұстаудағы негізгі ақаулар қажетті жол белгілерінің болмауы, жарықтың жоқтығы және жол төсемінің тозуы болып табылады. Анықталған кемшіліктерді жоюға 32 ұйғарым берілді. Теміржол өткелдерін тиісінше күтіп ұстамағаны үшін сегіз лауазымды тұлғаға 233 360 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды,- деп түсіндірді Бауыржан Мақашев.