Подкаст медиакеңістікті қалай бағындырып жатыр
Primary tabs
Соңғы жылдары подкасттың қолданысы халық арасында күрт өсіп кетті. Мамандардың айтуынша, подкаст үшін тек микрофон мен ноутбуктың болғаны жетіп жатыр. Медианарықты жаулап алуының себебі неде, kaskelen.kz тілшісі бүл сұрақтың жауабын іздестірді.
Танымал блогер, подкастинг курсының авторы - Марина Шәріпова, бұл сұраққа былай жауап берді.
– Бұл смартфондардың танымалдығымен байланысты. Қазір бәрін смартфонмен тыңдаймыз. Бәріміздің де подкастарға қатысты өз талғамымыз бар. Қазір адамдар музыка тыңдаудың орнына пайдалы, қызық ақпарат алу үшін де подкаст тыңдай бастады. Сонымен қатар музыка да, подкастар да топтастырылған стримиң алаңдары бар. Локдаун кезінде подкаст саны алты есе өскен. Яғни, бәріміз үйде отырғанда подкаст жазатындар саны көбейді. Себебі ол үшін сізге тек ноутбук пен микрофон жеткілікті. Өз бөлмеңізде отырып, бүкіл әлемге хабар тарата аласыз.
Подкаст жасаудың маңызы қандай? Біріншіден, адамдар дауысқа көбірек сенеді. Бізге шындыққа сену үшін бейне немесе сурет түсірудің қажеті жоқ. Мысалы, фольклорды алайық. Ол тек ауыздан ауызға жеткен. Ешқандай видео, иллюстрациясы болмаған. Көбі хикаяларды өте жақсы айтады. Сондықтан осы қабілетті өзіңіз туралы, хоббиіңіз туралы немесе бизнес туралы айтуға пайдалана аласыз.
Сонымен қатар әлеуметтік желідегі контент ұзақмерзімді дей алмаймыз. Бір ай бұрын жазылған постты тауып алып, оқу да қиын. Ал подкастарды адамдар ұзақ уақыт өткеннен кейін де тауып алып, тыңдай алады.
Подкаст контент марктингке де айналды. Яғни, компаниялар сторис, рилздің қысқа форматына сыймайтын хикаяларды подкастта айтып, компанияның ішкі өмірін, жаңалықтарын бөлісіп отыра алады. Егер сарапшы болсаңыз, подкаст сіз үшін де пайдалы бола алады. Егер адам сіздің подкастыңызды тыңдап, өз салаңыздың үздігі екеніңізді білсе, қызметіңізді сатып алуы мүмкін.
Қазір подкастың тыңдармандары өте білімді, ересек, лояльді. Олар өзін-өзі дамыту, мақсат қою, салауатты өмір салты, психология, инвестиция, қаржы тақырыбына қызығады.