Ресейде бірқатар тәуелсіз ақпарат құралдары бұғатталды

Primary tabs

Mar 06, 2022 / 0 comments

Ресейде бірқатар тәуелсіз ақпарат құралдары бұғатталды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Рокомнадзор «Медуза», «орыс тіліндегі ВВС», «Азаттық» радиосы, «Неміс толқыны», «Америка дауысы», «Эхо Москвы» және «Дождь» басылымдарына тосқауыл қойды.

 

Ресей билігі ресми дереккөздерден тек «сенімді ақпаратты» жариялауды міндеттейтін заң қабылдағаннан кейін тәуелсіз БАҚ-қа тосқауыл қойыла бастады. Жаңа заңға сәйкес, «Ресей армиясы туралы жалған ақпарат» таратқандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.