Таиландтық боксшы Мейвезердің рекордын бұзды

Primary tabs

Jun 22, 2020 / 0 comments

Енді америкалық боксшы Флойд Мейвезердің (50-0, 27 КО) рекорды үздік нәтиже емес. Таиландта оның рекорды бұзылды, деп хабарлады Prosports.kz. 21 маусым күні жеңіл салмақта WBC чемпионы 34 жастағы Ванхенг Менайотин (54-0, 18 КО) мансабын аяқтады. Ол 2018 жылы тамызда Флойдтың көрсеткішінен озған еді, бірақ мансабын әрі қарай жалғастырған.

 Сондықтан тай боксшысы жеңіліп, Мейвезердің рекорды сақталатын мүмкіндік болған. Алайда Менайотин кеше мансабын аяқтады. Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші ‒ 54 жеңіс. Бірде бір жеңіліс жоқ. «Менің денемді өзімнен артық ешкім білмейді. Тоқтайтын уақыт жеткен сияқты. Иә, ақша бәріне керек, бірақ мен денім сау күйімде қалғым келеді», - деді таиландтық боксшы.