"Толық локдаунға оралуды қаламаймыз": Цой короновиус жағдайы туралы айтты

Primary tabs

Apr 10, 2021 / 0 comments

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды. Әзірге қарқыны жаман емес. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚазАқпаратқа берген сұхбатында адамдарды жаппай иммундау қалай өтіп жатқаны, халыққа қандай вакциналар қолжетімді болатыны, қолданылатын иммундық препараттардың қаншалықты қауіпсіз екендігі туралы баяндады.
"Алдағы күндері, тіпті бір айда жағдайдың өзгеретінін күтудің қажеті жоқ. Азаматтардың негізгі бөлігі 2-3 ай ішінде вакциналанғаннан кейін біз эпидемиологиялық жағдайдың саябыр тапқанын сезетін боламыз.
Вакцинация, әрине, өз әсерін береді, бірақ бұл ұжымдық иммунитет пайда болған кезде, шамамен күзге жақын болады", – деді Цой.
Ол ауру жұқтыру деңгейін төмендету үшін, ең алдымен, "бәріміз білетін, алайда, өкінішке орай, бәрі бірдей ұстанбайтын" стандартты ережелерді – маска тағу, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, қоғамдық шаралар және тағы басқаларынан қатысудан бас тарту қажет екенін атап өтті.