Шамалғандық дәрігерлер сыйлаған шаттық

Primary tabs

Jun 05, 2019 / 0 comments

Шамалғандық ақ желеңділер науқас балаларға мереке сыйлады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Балаларды қорғау күніне орайластырған шарада Үшқоңыр ауылдық ауруханасындағы балалар бөлімшесінің дәрігерлері мен мейірбикелері аталған бөлімшеде емделіп жатқан балдырғандарға тосынсый жасады. Ринат Мұртбаев бастаған ұжым түгелдей бұл игі іске ат салысып, мерекелік шара ұйымдастырды. Аширбекова Мира бастаған балалар кеңесі де одан қалыс қалмай, өз үлестерін қосты. 

Мереке барысында мейірбикелер балаларға ойын ойнатып, ән, тақпақ айтқызып, билетіп, көңілдерін көтерді. Концерттік бағдарлама қойып, жиналғандардың көңілін көтерді. Сонымен қатар, тәттіден, сусыннан сыйлықтар таратып, балдырғандарды мәз-мейрам қылды. Өз кезегінде ата-аналар да ақ желеңді абзал жандарға алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді. Осылайша, сырқаттанған балалар да төл мерекелерінен сырт қалмай, қуанышқа кенелді.