Шамалғандық жас вайнерлер
Primary tabs
Бүгінгі күні танымалдыққа ие болудың жолдары көп. Соның бірі – вайн түсіру. Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында да жас вайнерлер бар. Олар осы іспен айналысқан бір жыл ішінде өз ортасында жақсы танымалдыққа ие болды. Бүгінгі таңда kz_jigits инстаграм парақшасында 31 мыңнан астам тұрақты оқырман жинаған жас өрендер қазіргі жетістік жолында көп еңбектенгендіктерін алға тартады.
Нұрсерік, Нұрмұхамет, Самат есімді үш жігіт Қарасай батыр атындағы орта мектептің 11 сыныбында оқиды. Қазіргі кезде олар алдағы үлкен білім сынағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үстінде. Олар мүлдем басқа саланы таңдап, келешектерін маңызды салалармен байланыстырғысы келеді. Мысалы, Нұрсерік білікті дәрігер атанып, жеке клиникасын ашуды армандайды. Ал, Самат пен Нұрмұхамет физика-математика саласының қыр-сырын зерттеуді мақсат етіп отыр. Дегенмен, вайн – олардың басын қосып, достықтарын арттыруға себеп болып қала бермек. Жігіттер күнделікті өмірдегі оқиғаларды негізге ала отырып, ой саларлықтай дүниелерді жасай беруді мақсат етіп отыр.
Өнерлі өрендердің айтуынша, бастапқы кезең оларға оңайға соға қоймаған. Вайндар сынға ұшырап, тіпті, «түсірмей-ақ қойыңдаршы» деген пікірлер де айтылған.
Дегенмен, жігіттер әр жетістіктің артында үлкен еңбек жататынын жақсы түсініп, алған беттерінен қайтпаған. Міне, соның арқасына олар өз ораларында танымалдыққа ие болып, абыройлары арта түскен.