Қазақстандықтар күннің тұтылған сәтін суретке түсіріп үлгерді
Primary tabs
Бүгін Қазақстан тұрғындары күннің тұтылғанын сәтін бақылауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда күннің тұтылуы 21 маусым күні сағат 11.30-да басталып, 13.42-ге дейін жалғасты. Ең үлкен фаза түскі сағат 12.35-те көрінді.
Алматыда күннің тұтылуы сағат 11.16-дан 14.06-ге дейін көрінді. Тұтылудың ең үлкен фазасы 12.40-та болды.
Астрономдардың айтуынша, күннің бұлай тұтылуы бір ғасырда шамамен 14 рет болады. Әлем тұрғындары енді күннің тұтылуын тек 2039 жылы ғана байқай алады.