Қаскелен қалаcында жаңа әкімшілік сот өз жұмысын бастады.
Primary tabs
Алматы облысының Талдықорған мен Қаскелен қалаларында жаңа әкімшілік соттар өз жұмыстарын бастады деп хабарлайды Kaskelen.kz.
2021 жыл 1 шілдеде, Алматы облысының әкімшілік соттарының ашылуы салтанатты түрде өткізілді.
Мемлекеттік органдармен даулар кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жаңа соттардан үлкен үміт артылуда.
АНЫҚТАМА:
1. Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 53 А
(Алматы облыстық сотының ғимаратында) орналасқан.
Соттың кеңсе меңгерушісінің м.а. - А. Каримова.
Whatsapp жедел байланыс үшін: +7 775 753 5415
2. Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық №2 әкімшілік соты Каскелен қаласы, Б.Момышұлы 5 көшесінде
(Қарасай аудандық сотының ғимаратында) орналасқан.
Соттың кеңсе меңгерушісі - Ж. Смадияров.
Whatsapp жедел байланыс үшін: +7 702 970 0003