Ұнамаған тауарды қалай қайтару керек?

Primary tabs

Dec 21, 2020 / 0 comments

ТАУАРДЫ ҚАЙТАРҒАНДА АҚШАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?


Достар, Жаңа жыл қарсаңында сауда-саттық қыза түсетіні белгілі емес пе? Туыстар мен жақындарыңызға сыйлық алу, мерекелік дастарқанға азық-түлік сатып алу дегендей.
Осы тұста біздің - тұтынушы ретінде қандай құқықтарымыз бар екенін және ұнамаған, сапасыз тауарларды қайтарған кезде ақшаны қалай алуға болатынын еске түсіретін уақыт келді. 
 
 
ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ НЕМЕСЕ АЙЫРБАСТАУ КЕЗІНДЕ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ:
1. Тауарлық немесе фискалды түбіртектің болуы.
2. Тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде қайтару қажет.

Сатып алған тауарыңызда еш ақау болмай, сізге оның түсі немесе функционалы ұнамаған жағдайда сатушы тауарды айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға міндетті.  
Ең бастысы, тауар қолданылмаған болуы тиіс.
 
 
ҚАНДАЙ ТАУАРЛАР ҚАЙТАРУҒА ЖАТПАЙДЫ?
- дәрі-дәрмектер
- шұлық бұйымдары
- іш киім
- метражбен сатылатын тауарлар
- өсімдіктер мен жануарлар
- ұялы телефондар
 
 
ЕГЕР САТУШЫДА АЙЫРБАСТАЙТЫН ТАУАР БОЛМАСА?
 
Бұндай жағдайда сатушы 10 күнтізбелік күн ішінде айырбастап беруі қажет.
 
 
ЕГЕР САТУШЫ ҚАЙТАРЫП АЛУДАН НЕМЕСЕ АЙЫРБАСТАУДАН БАС ТАРТСА, ҚАЙДА БАРУ КЕРЕК?
 
- Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне @Kzpp_bot Telegram-бот арқылы
- осы Комитет басшысының блогына, мына сілтеме бойынша
- Электрондық үкімет порталына, осы сілтеме бойынша
- "Жедел желіге" қоңырау шалыңыз +7 (7172) 75-06-42, 75-16-32, 74-98-32, 74-98-36
- Комитетке хат жолдаңыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 2-ші кіреберіс.
- Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша шағымдарды қабылдайтын www.e-tutynushy.kz платформасына жазыңыз
 
ҚЫМБАТ ТАУАРЛАРДЫ САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛГЕН ЖӨН?
- Сатып алған тауарыңызды және өзіңіздің дүкенде болғаныңызды суретке түсірген жөн. Есіңізде болсын, дүкенде суретке түсіруге тыйым салынбайды. Егер сіз түбіртекті жоғалтсаңыз немесе сізге түбіртек бермеген жағдайда, түсірген сурет арқылы дәлелдей аласыз.
- Сатып алған тауарлардың түбіртегін, қаптамаларды және құжаттарды кепілдік немесе пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін сақтаңыз.