"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы елімізді көркейтуде
Primary tabs
Еліміздің әл ауқаты барған сайын артып, халықтың жағдайы жақсарып келе жатқаны жасырын емес. Бүгінде түрлі озық үлгідегі бағдарламалар, сан алуан жаңартылған технологиялар әр сала бойынша енгізіліп өмір сүру әлеуеті ілгерілегені рас.
Еліміздің Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысы өзінің республика халқына арнаған әр Жолдауында ел қамы, көпшіліктің хал-ахуалының игілігі үшін еңбек етіп, сол жолда жұмыстардың атқарылуын айтып та, талап етіп келеді. Сол істің ауқымын кеңейтіп, қарқынын арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдараламалар қабылданып, ол жүзеге асырылып та жатыр. Осы қойылған міндетті алдыға ала отырып Қапшағай өңірінде әр тараптанған жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, соңғы жылдары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде бірқатар жобалар қолға алынып, жаңадан әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, тұрғын үйлер бой көтеріп, жұмыс орындары ашылып, бұрын соңды жасалмаған жолдар, тұрғын үй аулалары қалпына келтіріліп, спорт орындары салынып нәтижесінде аймақтың әлеуметтік –экономикалық динамикасы жоғарылап келеді.
Дәл осы бағдарламамен Заречный ауылдық округінде «NurTemirGasStoy» ЖШС-ң демеушілігімен 5,437 млн.теңгеге футбол алаңы салынып, айналасы аббаттандырылып, түнгі кезде де спортпен шұғылдануға жарықдиодты шамдар орнатылып қолданысқа берілді. Онымен бірге, ауыл көшелеріне де жарық шамдар қойылып, бірнеше жолдар жөндеуден өткізілді. Заречный және Арна ауылдары орталықтандырылған жылу және газ жүйелеріне қосылып, бүгінде соның рахатын көріп отырған тұрғындар, өз алғыстарында білдіріп келеді.
Одан басқа, Арна ауылының мәдениет үйіне 25 млн.тг қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізіліп, ғимарат көгілдір отынға қосылған. Сол секілді бұл аумақты жастардың салауатты өмір салтымен айналысуына жағдай жасау үшін 3 зал, спорттың сан түріне арналған 2 алаң бар. Соның арқасында спортқа бетбұрыс жасаған жастар қатары көбейген. Аталған бағдарлама бойынша Шеңгелді округінде мемлекеттік бюджеттен 7 млн. 952 мың теңге бөлініп, «ASSAPA QURYLYS» ЖШС-і мердігер компанияның көмегімен футбол алаңының құрлысы аяқталды. Сондай округтің 14 көшесіне орташа жөндеу ісін, воркаут алаңын жасау көзделген. Ал, «Бизнестің жол картасы -2025» мемлекеттік бағдарламасымен бірқатар істер атқарылды. Атап айтар болсақ, қаланың өнеркәсіпорындары жалпы 73100,0 млн.тенге өнімін өндірсе, биыл ол көлем 89000,0 млнға жеткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 54 өндіріс ошағы жұмыс істесе, оның 14 ірі және орта кәсіпорын. Ең қуантарлығы, өндіріс орындарының кеңеюіне байланысты жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті халықта жұмыспен қамтылуда. Сонымен бірге, «Бизнес Бастау», «Жас кәсіпкер» жобасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында осы жылдың 2 тоқсанынан бастап, онлайн режимде 95 адам оқуға жолданып, 86-сы аяқтаған. Аталмыш мемлекеттік жоба шеңберінің бірнші бағыты бойынша 26,3 млн.теңгеге 45 грант берілді. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» іс шарасымен жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға көзделген 12 грант толық орындалған. Ал, жобаның екінші бағытымен 152,6 млн.теңге сомасына 29 жоба мақұлданды. Тағы бір айтатыны, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы 10 жобаға өтінім келіп, оның 8–і мақұлданған. Нақты атап айтар болсақ, сол жобалар бойынша «Қапшағай Бидай Өнімдері» рапс майын өндіруге, «Төреқұлов А.Т.» шаруақожалығы ет бағытындағы жылқылар сатып алуды, «АГРОФУД» ЖШС-гі жем қоспаларын өндіруді, «ЮНИПАК ШЫМКЕНТ» пластикалық контейнерлер шығаруға, «ГринЛэндАлатау» және «ЛСТ АГРО» ЖШС жылыжай кешеніндерін ұлғайтуға жобалар құрылып, бүгінде рұқсат берілген. Ал, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-20205жж арналған бағдарламасың іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар жетерлік. Жалпы, халықтың денсаулығына, оның өмір сүру ұзақтығын арттыруға сала мамандары да көмек қолдарын созып, жіті мән беріп, барлық жағдайларды жасап келеді.Мысалы, балалар, қарт адамдар, осал топтағы азаматтарға медициналық көмекке қол жетімділігі арттырылуда. Одан басқа, міндетті «әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жұмыстары жүйелі жүргізіліп, тұрғындарға медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамту қол қабыс істері атқарылып та жатыр.
Жергілікті аурухана қажетті жабдықтармен де толығуда. Жергілікті халықтың саулығын көтеру үшін 2025 жылға қарай оңалту жолдарын қарастыру ішінде тиісті құралдары мен жаттығу залы бар жеке корпус ашу жоспарланған. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және артықшылықтарын кеңейту есебінен жедел көмек беру түрлерін ұлғайтуға басты назар аударылған. Соған орай, Алматы мен Алматы облысының жетекші мамандарымен тығыз байланыс орнатылып, тәжірибелік істерде жолға қойылған. Аурухана қызметкерлері үздіксіз оқуға жіберіліп, білімі мен біліктілігін көтеру жұмысы да жүргізілуде. Соңғы уақытта жайылған індеттің кезіне де емхана керекті дәрілік заттар, түрлі аппараттармен қамтылған. Елімізде озық технологияларды меңгеріп, заманауи жүйе сауаттылығын жоғарылатуға көңіл бөлініп келеді.
Бұл мақсатты орындауда "Цифрлы Қазақстан" бағалармасы негізінде салаларда алуан жобалар енгізілуде. Қапшағай қалалық ауруханасы қазіргі күні қағазбастылықтан алшақтап компьютерлік жеңілдетілген жүйемен тұрғындарды есепке алу, медициналық суреттерді цифрлы форматпен жүргузу, сәулелі, томографилық сараптау құралдарының күшімен аурулар дер кезінде анықталып, оның асқынуының алдын алуға мүмкіндіктер берілуде.
Бұл бағыттың көкжиегін кеңейтуде қала мен Шеңгелді окркгінде ашылған "Сервистік әкімдік" орталықтандырылған жүйесінің де оңтайлылығын тұрғындар сезінуде. Әсіресе, шалғай ауыл азаматтарына ыңғайлы болғаны анық. Олар кез келген өтініштерін мәселелеріне қарай "Е-өтініш" жүйесімен элктронды түрде жолдап, қажетті жауапты ешқайда бармай ақ алады. Көпшілігіне ыңғайлы форматпен Қапшағай қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына "Е-лицензиялау" жүйесімен 50-ден астам өтініш келіп түсіп, оның 45-нің құжаттарының толық болмауы салдарынан иелеріне қайтарылған. Ал, "Е-өтініш" бойынша 58 арыз қабылданып, тексеру нәтижесінде 32 291 190 теңге болатын 137 әкімшілік іс жүргізу жұмысы анықталған. Оның біреуі "Сот бөлмесі" жүйесімен электронды құқық органдарына жіберілген. Оңтайлы жүйенің арқасында сервистік орталықтар арқылы өңір жұртшылығына 11 мың 889 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, соның 11 мыңынан астамы жеке тұлғаларға, 600- ге жуығы заңды тұлғаларға көрсетілген. Ал, мемлекеттік корпорациясымен 2844, электронды түрде 8596 қызмет берілген. Жалпы аймақта 34 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Қаланың өзінде 6 мемлекеттік бөлім мамандары әкімдік ғимаратындағы орталықта 57 қызмет түрі бойынша келушілерге көмектерін береді.